
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанның 10 өңірінде сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға дейін жеткенін атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарының қалаларына қатысты.
Маңғыстау облысының ауылдық жерлерінде де сумен толық қамтуға қол жеткізілді.