Денсаулық

Ауызсудағы диоксиндер: көзге көрінбейтін қауіп және одан қалай қорғануға болады

Су — тіршіліктің бастау бұлағы. Оны ішеміз, ас дайындаймыз, баламызға ұсынамыз. Бірақ сол күн сайын тұтынып жүрген тұнық судың ішінде көзге көрінбейтін, аса қауіпті заттар жасырын болуы мүмкін деп ойлап көрдіңіз бе? Бұлдиоксиндер. Аса улы бұл қосылыстар адам ағзасына түссе, қатерлі ісікке шалдықтырып, гормондық тепе-теңдікті бұзып, иммундық жүйені әлсіретуі әбден мүмкін.

Бүгін біз ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертхананың сарапшысымен диоксиндердің не екенін, олардың ауызсуға қалай түсетінін және өзімізді қалай қорғауға болатынын талқыладық.

«Диоксиннің иісі де, дәмі де жоқ. Бірақ олеңулы заттардың бірі»

Алдымен, диоксин дегеніміз не және ол неге соншалықты қауіпті?

Диоксиндерқоқыстарды жағу, пластикті өңдеу, металды балқыту мен химиялық өндіріс секілді өнеркәсіптік үдерістерден қалатын көзге көрінбес, бірақ аса улы ізі. Бұл органикалық қосылыстар табиғатта оңай ыдырамайдыжылдар бойы топырақта, су көздерінде, тіпті тірі ағзалардың өзінде жиналып, көрінбей келіп қауіп төндіреді.

Диоксиндердің ең үлкен қаупіолардың көзге түртсе көрінбейтін аз ғана мөлшерінің өзі адам ағзасына зор залалын тигізуі мүмкін. Олар гормондық жүйенің жұмысын бұзып, иммунитетті әлсіретіп, бедеулікке әкеп соқтыруы, тіпті қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болуы ықтимал. Ең қауіптісібұл улы заттарды иісінен де, дәмінен де сезіп білу мүмкін емес. Тек арнайы зертханалық талдау ғана олардың бар-жоғын нақты көрсете алады.

«Кейде жазғы аулада тұрған жай ғана құдықтың өзінен диоксин табылып жатады. Әсіресе маңайда пластик қалдықтары отқа жағылған болсақауіп еселене түседі

Бұл зиянды заттар ауызсуға қалай түседі?

Өкінішке қарай, диоксиндердің таралу жолдары сан түрлі. Өндірістік қалдықтардың дұрыс жойылмауы, зауыттар мен фабрикалардан шыққанулы түтіндер, тіпті кей үйлердің ауласында қоқыс жағубарлығы да қоршаған ортаға бұл уытты қосылыстардың жайылып кетуіне себеп болады. Әсіресе пластик пен резинаны отқа жағуең қауіпті. Мұндай кезде ауаға бөлінген диоксиндер жерге сіңіп, ақырындап топырақ арқылы жер асты суларына жетеді. Ал ол сулар біз күнделікті тұтынып жүрген ауызсуға айналуы мүмкін

Ауылдық жерлер мен саяжай аймақтарында қауіп тіпті күшейе түседі. Өйткені мұндай жерлерде орталықтандырылған су сапасын бақылау жоқ, ал құдықтар мен ұңғымаларда диоксиндердің сіңіп кетуі оңай.

«Белсендірілген көмір сүзгісіқауіптің алдын алуға жасалған сенімді қадам. Бірақ көзге көрінбейтін удың бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдаутаптырмас құрал

Бұл қауіптен қалай қорғануға болады?

Алдымен қолға алуға болатын қарапайым амалүй жағдайында белсендірілген көмір сүзгілерін пайдалану. Бұл сүзгілер диоксиндердің 90–97 пайызын ұстап қала алады. Одан да тиімді әрі сенімді әдіскері осмос жүйелері, деген менолардың бағасы қымбатырақ.

Ал өнеркәсіптік ауқымда фотокаталитикалық тазарту мен мембраналық технологиялар кеңінен қолданылады. Алайда бұл жоғары технологиялар тұрмыстық деңгейде әзірге көп тарала қойған жоқ.

Сонымен қатар, пластикті жағуды тоқтату, құдықтарды мұқият оқшаулау және суды жүйелі түрде зертханалық тексерістен өткізу аса маңызды. Біздің Референс-зертханамыз ISO/IEC 17025 халықаралық стандартына сәйкес аккредиттелген және диоксиндермен бірге ауыр металдар мен басқа да улы заттардың бар-жоғын кешенді түрде анықтайды. Бұлсудың шынайы қауіпсіз екенін дәлелдеудің ең сенімді әрі жалғыз жолы.

«Су мөлдір болуы мүмкін, бірақ бұл оның таза екенін білдірмейді»

Мұндай әңгімені қазір қозғау неге маңызды?

Себебі біз бұрынғы онжылдықтардан қалған экологиялық зардаптардың салдарымен әлі де өмір сүріп келеміз. Көптеген зауыттар жабылғанымен, олардың ластаушы заттары топырақта және суда жылдар бойы сақталып қалады. Ең қиыныдиоксиндер көзге көрінбейді, судың түсін, иісін, дәмін өзгертпейді. Алайда оның әсері бірден байқалмайдыол уақыт өте жинақталып, ұзақ мерзім ішінде ақырындап көрініс табады.

Егер болашақ ұрпағымыз шын мәнінде таза су ішсін десекәрекет етуді дәл қазірден бастау керек. Бұл тек мемлекетке жүктелген міндет емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі.

Таза су — бұл тек мөлдір көрінетін су ғана емес, ол зертханалық сынақтармен расталған қауіпсіздік кепілі.

Үйіңізге сүзгі орнатыңыз, су сапасын тексертіңіз, пластик пен басқа қоқысты жағудан аулақ болыңызбұл әрқайсымыздың қолымыздан келетін қарапайым, бірақ өмірлік маңызды қадамдар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button