
ІІМ «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруды жалғастыруда. Министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған.
Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі «мефедрон» салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмды құрады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.