Ішкі органдарын 15 млн теңгеге сатпақ болған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысы прокуратурасы адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекетін анықтады

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлерімен әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғынының бірі, өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция Департаментімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды» – делінген хабарламада.

Аталған фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.