
Ғұмар Серғазин ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды» – делінген құжат мәтінінде.