БастыСпорт

Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлері ақшалай сыйақы алды

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді.

«Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды» – делінген хабарламада.

Министрлікте атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
6-орын — 5 000 АҚШ доллары.

Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.

«Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады» – деп қорытындылады министрлікте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button