происшествие
Түркістан облысында каньонға түсіп кеткен ер адам құтқарылды

Түнде Түркістан облысы Төлеби ауданы Мәдени ауылынан 500 м қашықтықта 1989 жылы туған ер адам 50 м тереңдіктегі каньонға түсіп, өздігінен көтеріле алмады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Құтқарушылардан көмек алу үшін 112 нөмірі бойынша туристің жолдастары хабарласты.
«Шақыртуға келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері каньонға түсіп, ер адамды байлап, құтқару арқанының көмегімен оны көтеріп алып шықты. Құтқарылған адам ТЖМ қызметкерлеріне алғысын білдірді» – делінген хабарламада.