Бастыпроисшествие
Дәрігерлер Шымкент әкімінің орынбасарының жағдайы туралы не дейді?

Шымкент әкімінің орынбасарына операция жасалды, деп хабарлайды Кaz.inform.kz
– Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр ,- делінген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, кеше Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған болатын. Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.