БастыСаясат

Премьер-министр екі өңірдегі өртке қатысты тиісті шаралар қабылдап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлайды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4,4 мың гектардан асатын 25 өрт оқиғасы тіркелгенін баяндады.

Премьер-министр әкімдіктердің назарын өрт сөндіру кезінде жедел әрекет етіп, өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жаңа іс-қимыл алгоритмін енгізу қажеттігіне аударды.

«Өрт сөндіру кезінде шұғыл әрекет етіп, тиісті күштерді жұмылдыру үшін жаңадан Мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленген болатын. Алайда биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл Алгоритмнің орындалмай отырғанын көрсетті.

Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері өртке қарсы шұғыл қимылдау былай тұрсын, тіпті Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар да бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай орын алды.

Экология, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктеріне осы екі өңірдегі өрттің шығу себептерін тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды және кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button