Саясат
1 млн гектардан астам жер өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған

Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізуді жалғастыруда
Бүгінгі таңда ведомство басшылығының мәліметінше, өртті ерте анықтау жүйелермен қамту мемлекеттік орман қорының 1,3 млн га аумағын құрайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Биыл аталған жүйе «Семей орманы» резерватында орнатылады. «Семей орманынан» бөлек өртті ерте анықтау жүйесі 23 орман шаруашылығында да енгізіледі. Жыл соңына қарай бұл жүйемен 5,6 млн гектар мемлекеттік орман қоры қамтылатын болады» – делінген хабарламада.