Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды

Абай облысы Мəдениет басқармасының басшысы болып Жанжігіт Омархан тағайындалды
Жанжігіт Омархан 1988 жылы 4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «журналистика», «құқықтану», Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша білім алған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «журналистика» мамандығында – магистратура, докторантура бағдарламасы бойынша оқыған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып бастаған. Кейін QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында, Еуразия бірінші арнасындағы бағдарламалар жүргізушісі болды.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Көлік министрлігінің, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметтеріне және ақпарат департаменттеріне жетекшілік еткен. Жамбыл облысы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметін басқарған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.