Білім

Еліміздің 1100 мектебінде дрондарды басқаруға үйретеді

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу –мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі

Бүгінде еліміздегі 1100 мектепте STEM-зертханалар базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылды. Бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда. Жуырда ұлттық Aspan Drone Competition турнирінің жеңімпаздары Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады» – делінген хабарламада.

Сонымен қатар еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button