Қазақстанда бір тәулікте коронавирус 1376 адамнан анықталды
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz
«Қазақстанда өткен тәулікте 1376 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 847 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы», – делінген ақпаратта.
Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы – 73 / 43
Алматы қаласы – 143 / 73
Шымкент қаласы – 65 / 32
Ақмола облысы – 28 / 24
Ақтөбе облысы – 22 / 2
Алматы облысы – 59 / 51
Атырау облысы – 264 / 177
Шығыс Қазақстан облысы – 135 / 69
Жамбыл облысы – 77 / 31
Батыс Қазақстан облысы – 86 / 63
Қарағанды облысы – 184 / 120
Қостанай облысы – 42 / 26
Қызылорда облысы – 31 / 15
Маңғыстау облысы – 82 / 78
Павлодар облысы – 47 / 30
Солтүстік Қазақстан облысы – 28 / 9
Түркістан облысы – 10 / 4
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 51 059, жазылып шықты – 16 928, қайтыс болды – 264 адам.
