БастыДенсаулықҚоғам

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралар жабыла ма

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов көптеген қазақстандықтарды қызықтыратын сұраққа жауап берді. Ол Қытайдағы коронавирусқа байланысты шекараны жабу ұсынысына пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Біртанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген «Халықаралық медициналық-санитарлық ережелер» атты құжат бар. Қазақстан бұл құжатты 2005 жылы қабылдаған және сәйкесінше осы қағидалаға сүйенеді. Яғни, жаһандық қауіп-қатер туғанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шекараны жабу туралы ұсыным береді. Біз әзірге жағдайды бақылап отырмыз. ДДСҰ мұндай ұсыным берген жоқ», – деді денсаулық сақтау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button