происшествие

Алматыда дәрігерлер 2 жасар баланың асқазанынан жүзден астам магнит алды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 ақпан күні Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілді.

Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды.

– Дәрігерлер бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты. Алайда магниттердің тығыз жиналуының кесірінен бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу – лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

Операциядан кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button