происшествие
Ақтөбе облысында спорт мектептерінің басшылары бюджет қаржысын букмекерлік кеңселерге салған

Ақтөбе облысында екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге салғаны анықталды.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, директорлар спорт алаңдары және залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс қаражаттарды жымқырған.
«Олармен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салынған.Аталған фактілер бойынша прокуратурамен 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар облыстық Экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерілді.Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды» – делінген хабарламада.