Басты

Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырмағандарға үндеу жасады

Танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев facebook-тегі парақшасында 9-шы күн ауырып жатқанын жазды. Бірақ ол ауру жеңіл өтіп жатқанымен бөлісті. Себебі, ол ағзасын баптаған екен. Кәсіпкер өз тәжірибесінің тұжырымы бойынша азаматтарға кеңес берді.

«Достар, COVID-пен әлі ауырмағандарға жолдау

Вируспен ауырып жатқандар саны өте көп, бірақ 90%-дан көбісі әлі ауырмаған. Бұл аурудан дәрі әлі де табылған жоқ, сондықтан ең бастысы қазір ЖЕҢІЛ АУЫРЫП ШЫҒУҒА ДАЙЫН БОЛЫП, антиденелерді қалыптастыру. Соған төмендегідей кеңес беремін.

Кейіннен ауырып қалғандармен өте тығыз араласқанға қарамастан, мен бірнеше рет аурудан сақтанып қалдым. Тіпті, бір жолы, бес адам бір ұшақпен іссапарға барған болатынмыз. Бір-екі күнде бесеуімізден мен ғана сау болып қалдым. Ағза біраз уақыт вирусқа берілмеді. Қайткенмен қазір ауырып калғанда, барлығы жеңіл түрде өтуде. Бұның сыры алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарында.

Вирус екі басты нысанға шабуыл жасайды: ол өкпе мен иммунитет. Сол себепті екі жақты дайындық қажет.

1. Өкпенің жоғарғы және төменгі жағы күнделікті өмірде нашар жұмыс жасайды және бактериялардың жиналуына әсіресе душар болады. Ол жерге вирус түскен жағдайда, аурудың асқынып, пневмонияның туындауына өте қолайлы орта туындайды. Сондықтан күнделікті таза ауада тыныс алу жаттығуларымен немесе таңертең жүгірумен айналысу керек. Осылайша біз өкпедегі қан айналымын жақсартып, нығайтамыз және күреске дайындаймыз.

2. Иммунитетті 2-3 апта ішінде көтеріп алу мүмкін. Оған керегі: а) сапалы және жеткілікті ұйықтау; б) витаминге толы сапалы тамақтану, алкогольді қоя тұрыңыз; в) мүмкіндігінше жұмыс көлемін азайтып, артығынан шаршамау, стресстен аулақ болу (ауырып қалу қорқынышы да стресс әкеледі); г) таза ауада көбірек жаттығу, ол иммунитет пен ұйқыға жақсы әсер етеді. Ағзаны алдын ала дайындау өте маңызды!
Ironnman-ге дайындалу барысында ағза мен денені дайындап, энергия жинау үшін біз бір апта бұрын осындай тәртіпке көшетінбіз. Спортсмендерге әсіресе кеңес беретінім осы, жүктемені азайту керек. Артық жүктемелерден иммунитет төмендейтінін білеміз. Спортқа құлшыныс қандай үлкен болғанмен, қазіргі уақытта иммунитетке көңіл бөлу маңызды.

3. Қосымша С витаминін, жеміс-жидектерді күнделікті рационға қосу керек. Күн сәулесінен Д витаминін қабылдауға тырысу қажет. Сонымен қатар, сарымсақ сығындысын немесе сарымсақтың өзін күніне 3 рет қабылдаңыз. Ағзамызды витаминдермен қанықтыру өте маңызды.

4. Басқа аурулардың барлығын алдын ала емдеңіздер. COVID-пен бірге ол үлкен қатер көрсетеді. Кондиционерлер мен суық сусындардан сақ болыңыздар. Вирус бірінші орнығып алған аурулардан бастайды. Сондықтан, үлкен адамдардың жағдайы қиын..

Осының көмегімен 2-3 апта ішінде ағзаны аурудың алдын алуға толықтай дайындап шығуыңызға болады. Негізді түрде дайындалсаңыз ауру сізді ала алмауы да мүмкін, немесе менікі сияқты жеңіл түрде өтіп шығады.

Менің ауырып жатқаныма қазір 10 күн болды. Пәтерде өз-өзімді емдеп жатырмын. Ешқандай антибиотик түгіл, дәрі-дәрмек те ішіп жатқаным жоқ. Жеңіл ауру кезінде олардың пайдадан гөрі зияны көп. Осының бәрін біз салған инфекциялық аурухананың бас дәрігері ұсынады. Тек қана көбірек витамин қабылдап, токсиндерді шығару үшін көбірек су/шай ішемін, өкпемді тазартып таза ауада көбірек дем аламын, сонда вирус қайта пайда болмайды. Бастапқы бір-екі күнде ғана температурам біраз көтеріліп, демалу қиын болды. Одан кейін толықтай дайын болған иммунитет жеңіп алды.

Алдымызда екі апталық карантин, сондықтан бұл уақытта вирусты күтіп, бос өткізбеңіздер, дайындалыңыздар! Саябақтардың барлығы ашық. Қымбат дәрілердің қажеті жоқ, табиғи дәрумендер мен дайындық керек.

Біздің басты МАҚСАТЫМЫЗ АУРУДЫ ЖЕҢІЛ ӨТКІЗУ! Ағзаңызды дайындап, күш-қуат жинаңыздар, сонда аурудың еш қатері болмайды! Өз-өзімізді сақтап, дәрігерлерге көмек берейік. Олар бізді емес, үлкен адамдарды құтқарсын, әйтпесе жағдай нашарлап барады..

Дендеріңіз сау болсын! Аман болайық!»,- деп кәсіпкер кеңестерімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button