Саясат

Олжас Бектенов әуе рейстерінің кешігуіне қатысты сын айтты

Бүгін Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов әуе рейстерінің кешігу жағдайларына ерекше назар аударып, жауапты органдарға тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

«Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бірақ әуе рейстерінің кешігу жағдайлары да орын алуда. Көбінесе бұл әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан Министрлікке өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін пысықтауды тапсырамын», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button