БастыЭкономика

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншіліс ұйымы жаңа қолдау құралы аясында алғашқы кепілдікті берді

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншіліс ұйымы – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) жаңа қолдау құралы аясында алғашқы кепілдікті ұсынды. Кепілдік «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға Өзбекстандағы конкурсқа қатысқан «ZTOWN Development» ЖШС міндеттемелері бойынша берілді.

«Біз отандық экспортты қолдау және әртараптандыру стратегиясын іске асыру жолында маңызды қадам жасадық. ЭКА кепілдігі қаржылық сын-қатерді сейілтуге және сыртқы нарықтағы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды», – деді ЭКА Басқарма төрағасының орынбасары Мадина Ержанова.

ЭКА халықаралық конкурстар мен тендерлер шеңберінде жасалған халықаралық келісімшарттар бойынша экспорттаушылардың міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған кепілдік құралдарының бірқатар жолын ұсынады. Атап айтқанда, тендерлік кепілдіктер, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдіктер, келісімшарт бойынша аванстық төлемді қайтару кепілдіктері және экспорттаушының міндеттемелерін орындау кепілдіктері көп сұранысқа ие.

Басқа жаңалықтар

Back to top button