Денсаулық

Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден озды

Бүгін Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген ғылым қайраткері Камал Ормантаев дүниеден өтті.

Бұл туралы оның ұлы Жарас Ормантай хабарлады.

«Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы – Академик Камал Ормантаев өмірден озды» – деп жазды ол өзінің фейсбуктегі парақшасында.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Камал Сәруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында туған. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицинада өз жолын бастады. 1968 жылы ол бүкіл ғылыми мектептің дамуына негіз қалап, осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1980-1993) болды.
«Өзінің айрықша еңбек жолында ол мыңдаған баланың өмірін сақтап қалу үшін 20 000-ға жуық күрделі операция жасады. Оның еңбегінің арқасында 1500-ден астам практика дәрігері даярланды, олардың көпшілігі Қазақстанда және одан тыс жерлерде үздік мамандар болды» – деп атап өтті министрлікте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button