
Швеция полициясының мәліметінше, ересектерге арналған білім беру орталығында болған атыс кезінде кемінде 11 адам қаза тапқан. Бұл тізімде шабуыл жасаған күдікті де бар, деп хабарлайды Еuronews
Әділет министрі Гуннар Стрёммермен өткізген баспасөз мәслихатында Швеция Премьер-министрі Ульф Кристерссон бұндай қайғылы оқиғаның ел тарихында бұрын-соңды болмағанын айтып, жазықсыз адамдарға қарсы жасалған бұл қатыгез әрекетті қатаң айыптады.
«Бүгін орын алған жағдайдың ауқымын түсіну қиын. Полицияның хабарлауынша, Эребру мектебінде болған атыс салдарынан оннан астам адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды», – деді Премьер-министр баспасөз мәслихатында.
Қайғылы оқиға Стокгольмнен шамамен 200 шақырым батысқа қарай орналасқан Эребру қаласының шетінде болды. Қарулы адам жергілікті уақыт бойынша 12:30 шамасында оқ жаудырған. Оқыс оқиға студенттер мемлекеттік емтихан тапсырғаннан кейін үйлеріне тарай бастаған сәтте орын алған.
Құқық қорғау органдары оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.