БастыСаясат

Владимир Путин Елбасын мерейтойымен құттықтады

Ресей Президенті Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі, – деп хабарлайды Еgemen.kz

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Елбасы В.Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button