Аты аңызға айналған «Оқжетпес» шипажайына 60 жыл

Бүгін Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне 60 жыл толды. Атаулы күнге орай Қазақстанның үздік шипажайының тарихи оқиғаларымен бөліскіміз келеді.

Өзінің тарихын 1965 жылы үш қабатты бір ғимараттан бастап, бүгінде үздік шипажайлар тізімінде көш бастап келеді. Ең алғаш шипажай «Ясная поляна» деген атпен жұмыс істеп бастады. 1972 жылы барлық қызмет және емдеу-диагностикалық кабинеттері орналасқан бөлек емдеу ғимараты пайдалануға берілді. Шипажай климаттық бальнеологиялық болып қайта бейінделді және жыл бойына 120 демалушыны қабылдай алатын болды. Емдік мақсатқа жергілікті табиғи факторлар – Май-балық көлінің суы және Балпаш сор көлінің балшығы қолданылды. Бурабай көлінің емдік қасиеті зертханалық тексеруге дейін көп уақыт бұрын белгілі болды.

1980 жылдың басында жаңа жеті қабатты жайлы бөлмелерімен жатын ғимаратының құрылысы басталды. 1982 жылы жатын ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін, санаторийге «Оқжетпес» атауы берілді. 2001 жылдың шілдесінен 2003 жылдың наурызына дейін ЕСК барлық ғимараттарды қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2021 жылы «Qazaq nomad resort» тұжырымдамасы аясында сыртқы бейнесіне және 74 нөмір қазақы ою-өрнектермен жаңартылды

2006 жылы Андоррда Дүние жүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының Бас Ассамблеясымен санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының арасында белсенді ғылыми жұмыстары үшін «Оқжетпес» ЕСК-не «Әлемдегі ең үздік курорт» марапаты табыс етілді. 2011 жылы санаторий меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсету – радонды терапияны енгізді. 2012 жылы мамырда Лондонда (Ұлыбритания) Британ институты директорларының шешімімен біздің емдеу-сауықтыру кешені «Еуропалық сапа» халықаралық марапатқа ие болды.

САНДАР СӨЙЛЕСІН: 60 ЖЫЛДА ШИПАЖАЙ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР

60 жылда шипажайда 1.068.850 адам сауықтыру шараларынан өткен. Оның ішінде 198.395 адам оңалту бағдарламасы бойынша.

Қазіргі уақытта жылына 10 мыңнан астам адамды сауықтыру курсына қабылдай алады.

248 жатын орын, 127 нөмірлік қор.

197 медицина мамандары қызмет етті. Оның ішінде 59 жоғары дәрежелі білікті дәрігерлер мен 140 мейірбике.

13 сауықтыру бағдарламасы, 10 оңалту бағдарламасы, 105 медициналық жабдықтар, 112 емдік шаралар іске қосылған.

Миллионнан астам кері байланыс. Миллиардтан астам қонақтарымыздың махаббаты мен сенімі.

Емдеу-сауықтыру кешені төмендегілерді қамтиды: