Басты

«Шығыс Салбұрыны – 2024: Қазақ құсбегілерінің сайысы аяқталды»

 

Қазақ халқының ежелгі дәстүрі – құсбегілік өнері ұлттық спорт ретінде қайта жаңғырып, ірі жарыстарға негіз болып отыр. Соның бір дәлелі – «Шығыс Салбұрыны» халықаралық турнирі, биыл екінші рет ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында өткен бұл бәсекеде сайыскерлер бапталған құстарымен өнер көрсетті.

Турнирге 5 мемлекеттен спортшылар қатысты:

  • Ресей,
  • Моңғолия,
  • Қырғызстан,
  • Мажарстан,
  • Қытай.

Сондай-ақ, еліміздің 12 өңірінен 100-ден астам қатысушы жарысқа қосылды. Бүркітпен өнер көрсеткен 67 спортшы, қаршыға салған 13 адам және ителгі баптаған 23 саятшы турнир көркін қыздырды.

Екі күнге созылған бұл шараға 5000-нан аса көрермен келіп, 30-ға жуық киіз үй тігілді.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Финалдық кезеңді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы тамашалап, үздіктерді құттықтады.

Бүркіт құсы бойынша:

1.Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)

2.Күнтуган Серікбек (Астана қаласы)

3.Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)

3.Бердымурат Олжас (Алматы облысы)

Қаршыға құсы бойынша:

1.Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)

2.Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы)

3.Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)

3.Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)

Ителгі құсы бойынша:

1.Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)

2.Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)

3.Төлегенұлы Темірлі

3.Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)

Жарыс барысында қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайыпқа ерекше сый жасалды. Шығыстың жомарт азаматтары Өскемен қаласынан Айшолпанға баспана сыйлады. Пәтердің кілтін облыс әкімі Ермек Беделбайұлы өз қолымен табыстады.

Бұл шараның ұйымдастырылуына және жоғары деңгейде өтуіне бірқатар ұйымдар қолдау көрсетті:

  • «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ – Бас серіктес,
  • ҚР Туризм және спорт министрлігі,
  • «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ,
  • «Құсбегілік» Федерациясы РҚБ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button