Басты

Қазақстан-Қытай ғылыми консорциумы: екі ел ғалымдары ынтымақтастық бойынша жоспарларын бекітті

Астанада ҚазжолҒЗИ басшылығы, қытайлық JSTI Group компаниясы мен Цзянсу көлік институты өкілдерінің кездесуі өтті. Онда тараптар ғылыми консорциум форматында бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша одан әрі жасалатын қадамдарды айқындады.

Атап айтқанда, серіктестер іс-қимыл жоспарларын келісіп, зерттеулер мен жаңа әзірлемелер және инновацияларды енгізу тәсілдерін бекітті.

Бұған дейін мемлекет басшыларының ғылыми-техникалық инновациялар саласындағы Қазақстан-Қытай тәжірибелік ынтымақтастығын кеңейтуді жеделдету туралы уағдаластықтарына сәйкес ҚазжолҒЗИ және JSTI Group ғылыми консорциум құру туралы келісімге келген болатын.

Алғашқы бірлескен зерттеу Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген битум модификаторын жасау бойынша жұмыс болды. Әзірлеу асфальтбетонның тұтқыр компонентінің қасиеттері мен сипаттамаларын жақсартуға бағытталған.

Екі ел арасындағы ғылыми-техникалық және гуманитарлық алмасуды тереңдету жөніндегі бастама шеңберінде консорциум «Қытай-Қазақстан әріптестік институты» алмасу жобаларының конкурсына қатысуға әзірлеу тұжырымдамасын жариялады.

Бүгінгі таңда ҚазжолҒЗИ мен JSTI Group зерттеу орталығы стандартты қазақстандық битуммен өзара іс-қимыл жасай отырып, модификатордың алғашқы зертханалық сынақтарын өткізді. Енді оңтайлы негізді таңдаумен тереңдетіп зерттеу қажет, сонымен бірге 2025 жылға автожолдардың тәжірибелік учаскелерінде сынақ жоспарланған.

Кездесу барысында JSTI өкілдері қазақстандық әріптестерін ҚазжолҒЗИ құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтап, институттың өңірдегі жол-көлік саласын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

JSTI GROUP құрамындағы Цзянсу көлік институты жолдарды жобалау мен салуда мол тәжірибесі бар Қытайдың жетекші ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. ҚазжолҒЗИ мен JSTI GROUP серіктестік туралы 2009 жылы мәлімдеді. Екі ел ғалымдарының бірлескен күш-жігері жолдардың сапасын жақсартуға, шығындарды азайтуға және олардың климаттық жүктемелерге төзімділігін арттыруға қабілетті заманауи материалдарды жасауға бағытталған.

 

 

Қосымша ақпарат үшін: +7 778 673 78 03

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button