Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға құрмет көрсетіп, екіжақты ынтымақтастықтың достық, татулық және стратегиялық серіктестік рухында дамып жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында Ресей Президентінің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне ерекше мән берілді. Сондай-ақ Сергей Лавров өз кезегінде екі елдің көпжақты ынтымақтастығы, соның ішінде алдағы сапардың күн тәртібі егжей-тегжейлі пысықталып жатқанын мәлімдеді.