БастыҚоғам

Қазақстандықтар мемлекеттік мекемелерге жүгінбей-ақ жәрдемақы алады

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жылдың екінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төлемдерді үшінші тоқсанда ұзартуды көздейтін бұйрық әзірледі және қабылдады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектік мерзімін 3 айға автоматты түрде ұзарту көзделген, деп хабарлайды, Egemen.kz

Жоғарыда көрсетілген шаралар азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға бағытталған.

Бірінші кезекте АӘК отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер нақтыланатын болады, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркелу), жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, кірістер және басқалары. Егер де отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырлады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.

II тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК-ті алғаш рет тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button