Қоғам

Астана қаласында Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион құрылысы жоспарлануда

«Мемсараптама» РМК Астана қ. Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионның құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Нысанның құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 14 мекен-жайы бойынша қарастырылған. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың ш.м. асады.

Болашақ стадионның ғимараты 3 600 адамға арналған үш қабатты болады. Стадион батыс және шығыс жағында әр түрлі қабаттағы екі блоктан тұратын жабық ғимарат болады, оның үстіне металл арка қосылған.

Жобаның құрылысына тапсырыс беруші «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «Құрылысконсалтинг ҰО» АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалы. Жобаны 16 айда аяқтау жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button