Қазақстан Африкадағы ірі аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі көрмеге ұсынылды
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов Африка континентіндегі ең ірі аэроғарыш және қорғаныс техникасының көрмесі – «Africa Aerospace and Defence 2024» көрмесіне қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Биыл көрмеге әлемнің 30 елінен 450-ден астам компаниялар өз жетістіктерін ұсынып, Африканың қорғаныс өнеркәсібі үшін маңызды оқиға ретіндегі мәртебесін нығайтты. Бұл көрме екі жылда бір рет Оңтүстік Африканың әкімшілік астанасы Цване қаласында өткізіліп, қорғаныс және аэроғарыш салаларының әлемдік көшбасшыларының біріктіреді. Іс-шара сауда экспозициясы мен керемет әуе шоуын құрайды.
Іс-шара аясында қазақ дипломаты Қазақстанның қорғаныс секторында жұмыс істейтін «Paramount Group» және «Мидивисана Инжиниринг» компанияларының өкілдерімен Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі мен халықаралық нарық үшін ынтымақтастық және бірлескен шешімдерді әзірлеу мәселелері бойынша кездесулер өткізді.