Өрт кезінде ТЖМ құтқарушылары 220 адамды құтқарып және эвакуациялады

2024 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 18:27-де 101 телефонына Парковая көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жіберілді. Келгеннен кейін сегізінші қабатта пәтер жанып жатқаны анықталды, кіреберістен қатты түтін шықты, деп хабарлайды СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

«Өрт сөндірушілер 217 тұрғынды, оның ішінде 21 баланы қауіпсіз жерге шығарды, 3 адам, оның ішінде зардап шеккен, жану өнімдерімен уланған 1977 жылы туған ер адам құтқарылды.

Сағат 18.47-де өрт оқшауланды, сағат 19.21-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің үйлестірілкен іс-әрекетінің арқасында көрші пәтерлерге қауіп төнген тұрған жоқ. Өрт орнында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда» – делінген хабарламада.

СҚО ТЖ департаменті тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді, бірінші кезекте – электр аспаптарын пайдалану кезінде бұзушылықтарға жол бермеу. Өрттің салдарын жоюдан гөрі оның алдын алу оңайырақ.