Басты

Бүгін қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтеді

Қымбатты Қазақстандықтар!

Сіздерді жалпыұлттық мемлекеттік мерекеміз – Елорда күнімен құттықтаймыз!

Нұр-Сұлтан – күллі қазақтың мақтанышы, егемендігіміздің келбеті мен айғағы.

Ерке Есілдің бойында бой тіккен сәнді шаһарға бүкіл әлем жұртшылығы көз тігіп, таңдай қағып отыр.
Елорда еліміздің серпінді дамуының кепілі.

Бүгінде бұл Қазақстанның барлық экономикалық және мәдени өмірінің орталығы, мұнда оның жаңа тарихы жазылуда.

Уақыттан оза шапқан бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі болған елордамыз өркендей берсін!

Басқа жаңалықтар

Back to top button