Қоғам

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайтын болады

Елордада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:

1. «Астана Арена» тұрақ аймағы
2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы
3. «ЕХРО» тұрақ аймағы

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button