Сауд Арабиясы алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қызығушылық танытуда
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының Спорт вице-министрі Бадер әл Кадимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
М. Меңілбеков Қазақстанның спорттық жетістіктерін айта отырып, жақында Ар-Риядта өткен киокушин каратэден Азия чемпионатындағы соңғы жетістіктерін атап өтті, онда қазақстандық спортшылар 15 елден келген қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді.
Сонымен қатар қазақ дипломаты сұхбаттасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі баптарымен таныстырып, жолдауда көрсетілген экономикалық реформалар мен жаңа бағытына, индустрияландыруға, әртараптандыруға бағытталған кешенді жоспар, сондай-ақ басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділеттілік оның негізгі құрамы болатынын атап өтті.
Б. әл Кади сұхбаттасын тыңдап, Қазақстан Президентінің жолдауында айтылған бастамалардың еліміздің дамуын қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ қазақ дипломаты Сауд Арабиясының Спорт министріне 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақыруды тапсырды. Ол жарысқа әлемнің ондаған елдерінің өкілдері қатысатынын және ойындар аясында спорттың 20 жарыс және 10 көрме түрінен жарыстар өткізу жоспарланғанын жеткізді.
Вице-министр шақыру үшін алғысын білдіріп, Сауд Арабиясының V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатындығын растады.