2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді.
Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді. Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды» – делінген хабарламада.