Рудный қаласының прокуратурасымен «Рудный қаласының білім бөлімінің» Балалар тәрбие-сауықтыру кешені» КМҚК қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлайды.
Осы факт бойынша арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету.
«Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар кезеңінде балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 млн теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді» – делінген хабарламада.