Семей қаласында Құрлысшылар күніне орай «СИЛИКАТ RUN» атты жарыс өтті

Семей қаласының оң жағалауында «СИЛИКАТ RUN» атты жүгіруден жаяу жарыс өтті. Бұл іс-шара тамыздың әр екінші жексенбісі аталып өтетін – Құрылысшылар күніне орайластырылған

Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Силикат» ЖШС ұйымдастыруымен өткен ауқымды шара концерттік бағдарламамен және сала қызметкерлерін марапаттау рәсімімен басталды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа жалпы 200-ге жуық желаяқ қатысты. Әрбір қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан бастапқы пакеттер: қатысушының нөмірі және фирмалық футболка берілді.

Айта кетерлігі, ниет білдірген жандарға жарысқа тіркелу тегін болды.

Жарысқа қатысушылар 3 және 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден бақ сынасты.

Тартысты жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасында 5 шақырым қашықтықта мәреге бірінші болып келген – Руслан Бекешев, екінші орынды Бауыржан Дәулетбаев, үшінші орынды Марат Ибраимов иеленді. Осы қашықтықта әйелдер арасында Татьяна Кубцова үздік деп танылды және Алия Баймурзина мен Анна Печененкова осы үштікке ілінді.

Ал 3 шақырым санатында жарысқа түскен қатысушылардың қорытынды нәтижелері келесідей: ерлер арасында бірінші орынды Владислав Мустатов, екінші орынды Олег Воронков, үшінші орынды Жандос Смайловеншілесе, әйелдер арасында бірінші орынды Надежда Киреева, екінші және үшінші орындарды Анастасия Радыгина мен  Юля Колестратова алды.

Атап өтсек, барлық мәрені бағындырған қатысушылар арнайы медальмен марапатталды. Ал жарыс жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрін танымал ету, қала тұрғындарын спорттық және қоғамдық өмірге тарту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және күшті ұлт тәрбиелеу.