ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Ерік Мейрханов тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ерік Мейрханов еңбек жолын Халықаралық Мұнай-газ компаниясында бастаған. 2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдары ҚР Президенті Протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.