Қазақстанда ғылыми зерттеулер үшін 156 каспий итбалықтары алынады – ҚР АШМ
Ғылыми зерттеулер үшін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының шектеулі санын алып қою мақсатында, Үкімет Маңғыстау және Атырау облыстарының жағалауы бойынша Каспий теңізіндегі Дурнева, Тюленьи және Ремонтныешалыги (Ақтоты) аралдарындағы 156 каспий итбалықтарын ен салу мақсатында алып қою туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін, алынған дарақтар табиғи ортаға қайта жіберіледі.
Бұдан басқа, Алматы облысы шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қомасынан сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген арал пілмайын, Қызылорда облысы шегінде Сырдария өзенінен арал қаязын, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы шегінде, Ертіс өзені мен оның салаларынан тайменді, Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінен сыланды мекендеу ортасына шығара отырып, ғылыми мақсатта арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін алып қоюға рұқсат етіледі.
Қазіргі уақытта ғылыми ұйымдар тиісті рұқсаттар алуда, содан кейін олар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларын зерттеу және сақтау бойынша зерттеулерге кіріседі.