Басты

Қазақстанда заманауи жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің каталогы жасалуда

Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың бірыңғай базасы жаңа бөліммен толықтырылуда. Rcmbase.kz базасында машиналар мен механизмдердің тізілімі пайда болады

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Машиналар мен механизмдер тізілімінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Цифрлық каталог – бұл жол құрылысына арналған жаңа және инновациялық машиналар мен механизмдердің тізімі, оның мақсаты технологиялық карталарды жаңарту үшін қолданылатын жаңа техника туралы ақпарат жинау болып табылады.

«Жол саласын жаңғырту және озық технологиялар мен жабдықтарды енгізу жол құрылысы мен пайдалану сапасын жақсартуда елеулі рөл атқарады. Заманауи техниканы қолдану жөндеу-құрылыс үдерістерінің өнімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Осы мақсатта біз елімізде бар жол-құрылыс техникасының паркі: катоктар, төсеуіштер, бетон төсеуіштер және 2000 жылдан бастап шығарылған басқа да машиналар туралы ақпарат жинауға ниеттіміз. Жиналған ақпарат Машиналар мен механизмдер тізіліміне енгізіледі. Тізілімнің мақсаты алынған мәліметтер негізінде жолдарды жөндеу мен салуға арналған технологиялық карталарды, сметалық нормаларды, классикалық және жаңа технологиялар бойынша регламенттерді қайта қарау. Тізілім деректерінің негізінде автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстаудың сметалық құнын айқындау үшін ҚазжолҒЗИ әзірлеген жинақтардағы машиналар мен механизмдерді пайдалануға арналған бағаларды уақтылы өзектендіру мүмкіндігі болады.» деп түсіндіреді ҚазжолҒЗИ Баға белгілеу және сметалық нормалар департаментінің директоры Айкенова Әсемгүл.

Жаңа бөлім Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың бірыңғай базасының бесінші тізілімі болмақ.  Rcmbase.kz базасында жаңа технологиялардың, асфальтбетон зауыттарының, аккредиттелген зертханалардың және жол қозғалысы қауіпсіздігінің техникалық құралдарының тізілімдері бар.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде асфальтбетон зауыттарының, құм және тас карьерлерінің ГАЖ картасы бар, ол құрылысшыларға ең қолайлы өнім сапасы бар құрылыс материалдарын өндірушінің жұмыс орнына жақын жерде тез және делдалсыз табуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай база жол құрылысында, атап айтқанда, жол салу және жөндеу үшін құрылыс материалдарын іріктеу бағытында ашықтық деңгейін арттыру мақсатында құрылған.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button