ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы халықты хабардар етуді жалғастыруда
Теректі ауданында 131 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде Подстепное ауылында 106, Аңқаты ауылында 23, Теректі ауылында 2-нің құрылысы жалғасуда. Салынып жатқан әр үйдің аумағы 80 ш. м. құрайды. Тұрғын үй салу жұмысына 10 мердігер жұмылдырылды. Құрылысшылар 88 тұрғын үйдің қабырғасын көтеріп үлгерсе, 22-нің шатыры жабылды. Тағы 8 баспананың ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. Оның барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.
Одан бөлек, аудан бойынша 394 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, 27 отбасыға баспана сатып алынды. Қалған зардап шеккен 3 отбасы да жақын арада баспанамен қамтамасыз етілмек.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 4 406 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
– 775 тұрғын үй салу;
– 2 248 үй сатып алу, оның ішінде 848 отбасыға үй берілді;
– 1 393 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 922 үйде жұмыстар аяқталды.