Мәдениет

«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті

«Saz&Soul» тобы Хьюстондағы Warehouse LIVE сахнасында жеке концерт қойды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымы танымал халық әндерін, заманауи қазақ музыкасын, күйлерін түрлі стилистикада орындады. Бағдарламада авторлық әндер мен аспаптық шығармалар да болды.

Концерттің ерекше тұсы қазақстандық композитор Тілес Қажығалиевтің 75 жылдығына орай «Saz&Soul-дың» жаңа аранжировкада өңделген «Мәңгілік махаббат» композициясының орындалуы болды.

«Saz&Soul» тобының шығармашылығы қазақ халық әндері мен авторлық шығармаларға негізделген. Олардың репертуарынан академиялық музыка, джаз, поп, самба, румба және техно-электронды музыка сияқты түрлі жанрлар мен стильдерді тыңдауға болады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button