![](https://kaznovosti.kz/wp-content/uploads/2024/06/75b508fed88d8d2a8fdd5fd2bc5028e1_1280x720.jpeg)
Елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған, оның ішінде қаланың тұрғын алаптары да назардан тыс қалған жоқ. Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, 6 шілде – Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық ұшулар орындалады. Соңғы суретті елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілде күні ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады.