происшествие

Елордада жыл басынан мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Астана қаласының полицейлері мопедтер мен мотороллерлерді қауіпсіз жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында тұрақты негізде мопедтер мен мотороллерлерді қауіпсіз жүргізу, олардың жол қозғалысы ережелері талаптарын сақтауы бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жаз мезгілі басталысымен елорда жолдарында аталған көліктерді басқарып, жол ережесін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасына жиі ұшырайтын жүргізушілер кездесіп жатады.

Мәселен “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған.

Жыл басынан мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 адам әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттан 1 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ электроскутер жүргізушілерінің қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 20-30 маусым аралығында қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button