Басты

Жантүршігерлік адам өлтіру оқиғасы павлодарлықтарды үрейлендірді

Қала аулаларының бірінде адам өлтірген ер адамның салқынқанды әрекеті павлодарлықтарды үрейлендірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнын түсіріп алған куәгерлердің видеосы тарап жатыр. Онда алдын ала мәлімет бойынша, егде жастағы ер адам көрсетілген. Кадрлардың бірінде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында қан-жоса болып жатқан ер адам байқалады. Тағы бір видеода пышақ ұстап, қара көзілдірік киген ер адамның жерде жатқан адамнан алыстап барып орындыққа отырғанын көруге болады.

«Сұмдық, тамағын орып тастады да, түк болмағандай отыр», – дейді видеодағы дауыс.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына дәрігерлер бригадасы барғанын, дәрігерлер ер адамның өлімін тіркегенін хабарлады.

Павлодар облысының Полиция департаменті күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады

Басқа жаңалықтар

Back to top button