Басты

«Астана-Зеленстрой» экс-басшысы қамауға алынды: ол қандай күдікке ілінді?

Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

«Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілетін теріс пайдаланғаны үшін күдікті», – делінген хабарламада.

Соттың санкциясы бойынша, күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button