Басты

Дезинфекциялау туннельдері COVID-19-дан қаншалықты қорғайды – вирусолог

Дезинфекциялауға арналған туннельдер коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды. Бірақ олар ротавирустан және басқа инфекциялардан сақтайды. Бұл туралы неміс вирусологы Хендрик Штрик айтты, деп хабарлады РИА Новости.

«SARS-CoV2 вирусының негізгі көбею ошағы бронх пен өкпеде болады. Сондықтан сыртқы дезинфекция аса тиімді емес», – деді Штрик.

Бірақ ротавирустар мен норовирустардың беттерде ұзақ сақталатынын айтып өтті.

«Сондықтар олардан қорғану үшін жақсы дезинфекция қажет. Ал коронавирус үшін бұл жеткіліксіз», – деп толықтырды маман.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button