Басты

Шымкентте «Аntikor ortalyǵy» ашылды

Шымкент қаласында республика бойынша ірі кеңселердің бірі – «Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығы ашылды.

«Аntikor ortalyǵy» – азаматтарға жедел заңдық кеңес алуға мүмкіндік беретін диалог алаңы.
Орталық ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған. «Open space» форматында жұмыс істейтін кеңсе тұрғындарды күнделікті қабылдайды. Сонымен қатар, азаматтарға тегін құқықтық көмек беретін болады.

Орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, Агенттік Департаментінің басшысы А.Жұмағали, сонымен қоса қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев онлайн-форматта өз ойларын ортаға салды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов: «Елбасының «Open Space» пилоттық жобасы аясында 4 аудан әкімдігі, 17мектеп, 10 емхана және 2 колледж ашық түрде жұмыс жасауға көшті. 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 90%-ын автоматтандыру жоспарлануда. Әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» жұмысын ұйымдастырудамыз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер бірлесе қамтамасыз етуіміз қажет», -деп атап өтті.

Антикор-орталығының алаңында «Шымкент – Адалдық алаңы» мен «Protecting business and investments» жобалық кеңселері жұмыс істейтін болады.
Орталықта 100-ге жуық адамға арналған модульдік акт залы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button