БастыҚоғам

Карантин күшейтілген соң тағы 42 500 теңгеден беріле ме?

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов күшейтілген карантин режимі кезінде 42 500 теңге беріле ме деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мұның барлығы (төлемдер – автор.) ТЖ режимімен байланысты болды. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді оны төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық қазақстандық жұмысын жалғастыруы керек», – деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, мұның алдында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов те енді 42 500 теңге берілмейтінін айтқан болатын. «Енді 42 500 теңге берілмейді, ондай төлем жасауды жоспарлап отырған жоқпыз. Олар үшін бюджеттен арнайы қаражат қарастырылмайды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты жұмсалды», – деген Нұрымбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button