Атақты ресейлік продюсер Максим Фадеев Салтанат Нүкеноваға ән арнады

Продюсер және композитор Максим Фадеев жаңа әннің жақын арада жарық көретінін айтты. «Salta» деп аталатын трек Салтанат Нүкенованың рухына арналған.

Музыкант композицияның шығуы туралы Instagram парақшасында бөлісіп, әннің премьерасы 31 мамырға жоспарланғанын айтты. Пост астына Салтанаттың жақын туыстары Айтбек Амангелді мен Айнұр Нүкенова жазба қалдырып, Фадеевке алғысын білдірді.

«Қазақстанда экс-министрдің әйелін өлтіргені туралы сұмдық жайтты оқыдым. Қоғамдық жерде… Мен сот залынан бейнежазбаларды көрдім, онда сотталушының сабырлы бейнесін аңғаруға болады. Ол аздай, жәбірленушінің өзі кінәлі екенін алға тартып отыр. Бұл мені таң қалдырды»,- деді Фадеев.

Фадеев Ресейде де тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдердің өлімі жиі тіркелетінін айтып, әлі күнге дейін қылмыс ретінде саналмайтына өкініш танытты.