Қытайдың халық-азаттық армиясы бүгінде Тайвань аралы төңірегінде бірлескен әскери оқу-жаттығуын жалғастырды, деп хабарлайды Kazinform Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Жұма күні Қытайдың жағалау күзетінің кемелер жасағы Тайвань аралынан шығысқа қарай су айдында кешенді оқу-жаттығу өткізді.
«Тексеру және біріздендіру, ескерту және ығыстыру сынды негізгі бағдарламаларды қамтитын маневрлер жағалау күзетінің кемелер жасағының теңіздегі төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету және бірлесіп шолғындау қабілетін шыңдауға бағытталған», – деді Қытай Жағалау күзетінің ресми өкілі Гань Юй.
Оқу-жаттығулар Тайвань бұғазында, Тайвань аралының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Цзинмэнь, Мацзу, Уцю және Дунъинь аралдарының айналасындағы аудандарда өтуде.